biologrefs.ru

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ

Сортировать: по оценкам | по дате

14.08.18
[1]
переходы:34
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ

^ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ

САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

КСРО құлауынан кейін тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан алдында жаңа әлемдік тәртіп жүйесіндегі халықаралық қатынастардың дамуында өзіндік рөлге ие болу мәселесі туындады. Евразия құрлығында орналасқан мемлекетіміздің өркендеуі мақсатында географиялық орналасуы мен табиғи байлықтардың молдығын ескере отырып, өзге мемлекеттермен байланыстарды сәтті дамытуда, ең әуелі сыртқы саясатымызды байыптылықпен қалыптастыру қажет болды. Сол себепті елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басшыларға тән көрегендікпен сыртқы саясаттағы негізгі бағыт ретінде көпвекторлы саясатты белгіледі. Қазақстандық зерттеу орталықтары сарапшыларының бағалауына жүгінер болсақ, көпвекторлы саясаттың негізгі құрамдас бөлігі жақын жатқан аумақтағы ірі мемлекеттердің күштері мен мүдделерінің арасалмағын сақтау және осы мемлекеттердің бірінің мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін көлемдегі әрекеттерінің алдын алу болып табылады. Сол себепті Қазақстан Орталық Азия аймағының геосаяси дамуының логикасы тұрғысынан жақын жатқан көршілер Ресей және Қытаймен тұрақты, берік қарым-қатынастарды дамытуды қолдайды [1]. Сондай-ақ халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде көпвекторлы саясатты ұстанушы Қазақстан өзге құрлықтарда орналасқан АҚШ пен Жапония сияқты мемлекеттермен байланыстарды дамытуға мүдделі болып отыр. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде «экономикалық ғажайыпты» бастан өткерген мемлекет ретінде Жапониямен байланыстар Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орынға ие. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылдың 19-20 маусымы аралығындағы Жапонияға іссапары осы мемлекетке қатысты ел басшылығының ерекше назарының артуының көрінісіндей. Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапонияның орнын айқындау үшін бүгінгі таңға дейінгі саяси саладағы екіжақты қарым-қатынастарының даму барысын қарастырған жөн болар.

Қазақстан мен Жапонияның саяси қарым-қатынастарын қарастырғанда, олардың өзара байланыстарындағы өзгерістер мен сыртқы саяси құжаттардың қабылдануына қарай үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады.

^ Бірінші кезең 1991-1997 жылдар аралығын қамтиды. Осы кезеңді Қазақстан мен Жапонияның арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңі деп сипаттауға болады. КСРО ыдырауынан кейін пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының алдында экономикалық және әлеуметтік-саяси сипаттағы қиыншылықтар туындады. Мемлекет басшылығы осы қиыншылықтарды шешуде ішкі қорларға ғана сүйенудің жеткіліксіз екендігін, елдің өркендеуі үшін сыртқы экономикалық көмекке сүйеніп, кең халықаралық ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін ұғынды. Әсіресе, әлемдік қаржылық донор мәртебесін иемденген Жапониямен байланыстарды орнату аса қажет болды.

Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси диалог «күншығыс елінің» біздің мемлекетті 1991 жылы 28 желтоқсанда мойындауынан басталды. Осы мойындаудың жалғасындай екі тараптың арасында 1992 жылы 26 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылды. Бірінші кезеңдегі Қазақстан мен Жапонияның арасындағы байланыстардың негізін қалаған маңызды оқиға елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылғы 6-9 сәуірдегі Жапонияға іссапары болды. Елбасының алғашқы іссапарының нәтижесінде тараптардың арасында Біріккен мәлімдемеге қол қойылып, КСРО мен Жапония арасындағы жасалынған келісімшарттар мен келісімдерді мойындау туралы ноталармен алмасты. Осы құжатта Жапонияның Қазақстанмен жүзеге асырып жатқан реформаларға толық қолдауын білдіретіндігі атап өтілді. Жапония мен Қазақстан арасында қол қойылған алғашқы құжат екі мемлекеттің саяси диалогын арттырып қана қоймай, экономикалық саладағы ынтымақтастыққа да ықпал етті.

^ Екінші кезең 1997-2001 жылдар аралығын қамтиды. Осы кезең Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардың бағыттарының нақтыланған әрі сан-салалы байланыстардың кеңеюі кезеңі болуымен ерекшеленді. 1997 жыл екіжақты қарым-қатынастардағы аса маңызды оқиғаның орын алуымен және Жапонияның Орталық Азия мемлекеттеріне деген мүдделестігінің артуымен сипатталды. Яғни, 1997 жылы 24 шілдеде Жапонияның премьер-министрі Рютаро Хасимото Қазақстанға тікелей қатысы бар «Еуразиялық дипломатия» тұжырымдамасын ұсынды.

Тұжырымдамада Жапонияның аймақ мемлекеттеріне қолдауы аймақ ішіндегі көлік, коммуникациялық және энергетикалық қамтамасыз ету жүйесін құрудағы ынтымақтастықты арттыру үшін маңызды факторға айналу керектігі де атап өтілді [3]. Осылайша Жапонияның Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстанға қатысты мүдделестігінің танытуының көрінісі ретінде «Еуразиялық дипломатия» тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастады. Оның жүзеге асуы жапон үкіметінің «Ұлы Жібек жолының дипломатиясы бойынша әрекеттер бағдарламасы» қабылдануына түрткі болды. Осы бағдарлама бойынша жан-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, саяси қарым-қатынастарды нығайту мен Ұлы Жібек жолы мемлекеттерінің нарықтық экономикаға өтуде қолдау көрсету қарастырылды. Жаңа ұсынылған тұжырымдаманың негізінде Қазақстан мен Жапония арасында саяси диалог та белсенді сипатқа ие бола бастады. 1999 жылы 5-8 желтоқсан аралығында елбасы Н. Назарбаевтың Жапонияға іссапары болды. Елбасының іссапары нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы достық, әріптестік және ынтымақтастық туралы Біріккен мәлімдемеге қол қойылды және осы құжат бойынша екі мемлекеттің қарым-қатынастары стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді.

Қазақстан мен Жапония арасындағы үшінші кезең 2001 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы лаңкестік әрекеттердің орын алуынан соң мемлекеттердің қауіпсіздік саласындағы мәселелерді бірлесе шешуде саяси диалогты арттыру қажеттілігі туындады. Осы жағдайды ескере отырып, Жапония тарапынан Орталық Азиядағы қауіпсіздікке алаңдаушы мемлекет ретінде Қазақстанмен саяси байланыстарды кеңейтуге ұмтылысы артты. Жапонияны Қазақстан экономикалық саладағы байланыстарды орнатудағы маңызды мемлекет ретінде де қызықтырды. Сол себепті 2004 жылы тамыздағы сол жылдардағы Жапонияның премьер-министрі Й. Кавагучидің Қазақстанға іссапары нәтижесінде аса маңызды оқиға болды. Осы іссапардың барысында Астанада «Орталық Азия плюс Жапония» атты бастаманың шеңберінде алғашқы министрлік кездесу өтті. «Орталық Азия плюс Жапония» бастамасы жапондық тараппен Орталық Азиядағы интеграцияға қолдау көрсету әрі аймақтың әрбір мемлекетімен екіжақты деңгейде қарым-қатынастарды дамыту үшін ұсынылған болатын. Орталық Азия мен Жапония арасындағы осындай саяси диалогтың ұсынылуы Жапонияның аймақта белсенді рөлге ие болуға деген ұмтылысын байқатты. Жапонияның Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға қызығушылығының артуының негізгі себептері 2006 жылғы Жапонияның сыртқы істер министрі Таро Асоның келесі сөз сөйлеуінде көрініс тапқан: «Біріншіден, Жапония үшін басты мәселе елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жапония өркендеуі айналасындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа ғана байланысты емес, сондай-ақ жалпы әлемдегі бейбітшілікке байланысты мемлекет болып табылады. Сол себепті Орталық Азия аймағындағы этникалық және діни компоненттерден туындайтын қауіптер Жапонияның қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Яғни, Орталық Азия аймағындағы тұрақты жағдайға көп мәселе байланысты болады.

Екіншіден, Жапонияның Қазақстанға қатысты мүдделестігінің негізі, ең алдымен Орталық Азия аймағындағы қажетті табиғи байлықтар және мұнай мен газ қорларының елеулі мөлшерінің болуымен байланысты. 2006 жылы сыртқы істер министрі болған Таро Асо өз сөзінде осы аймақтағы мұнай мен газ өндірісінің көлемі бойынша мәліметті сандық көрсеткіш-термен сипаттады және аймақтың әрбір мемлекетінде алтынның бар екендігін атап өтті.

Үшіншіден, Жапония мен Орталық Азияда ұқсас тұстар көп. Егер өткен ХІХ-ХХ ғасырларға назар салар болсақ, олардың ұзақ уақыт бойы өзге мемлекеттің бақылауында болғысы келмеуінде көзқарастары ұқсас болғанын байқауға болады. Біз бір-бірімізден үйренуіміз керек.

Төртіншіден, Жапония жетекші мемлекеттердің бірі ретінде өзінің қарым-қатынастарын Орталық Азия аймағының мемлекеттерімен белсендетуге тырысуда. Жапониямен санасу қажеттілігі бар жаңа орта қалыптасты.
do.gendocs.ru/docs/index-17196.html?page=22