biologrefs.ru

Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі

Сортировать: по оценкам | по дате

25.09.18
[1]
переходы:21
Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі

Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі


Жоспар:

Тілдің шығуы туралы

Тіл мен қоғам бірлігі.

Тілдің әлеуметтік мәні.


Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.

1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.

а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).

б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.

в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.

1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.

а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.

б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.

Қоғамдық теориялардың дұрыстығы - тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.

Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез деп

аталады.

Адам эволюциясының қазіргі деректер бойынша даму жолы төмендегідей. Қазіргі адамдар (гомо сапиенс сапиенс) бұдан 150-200 жыл бұрын қазіргі Шығыс Африка территориясында (Кения, Танзания) пайда болған. Олар Еуразия құрылығына алғаш рет бұдан 70-80 мың жыл бұрын аяқ басқан, бұл аймақта кең таралған адам тәріздес «ағайындары» (негізінен неандертальдықтар) олармен бәсекеге төтеп бере алмай жойыла бастайды. Ал 40-60 мың жыл бұрын олар Оңтүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып орналасқан. Одан кейін, бұдан 20-30 мың жыл бұрын адамдардың оңтүстікте Австралия мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен Америкаға қарай таралуы жалғасады. Яғни тілдің қазіргі түрдегідей қалыптасқан кезін бұдан 200 мың жыл бұрынғы кезден әрі деп, ал қазіргі тілдердің бәріне негіз болған ең көне тілді бұдан 50 мың жыл бұрын өмір сүрген деп жорамалдауға болады.

Бұл болжамды көне тілдің қазіргі тілден елеулі айырмасы болмаған: яғни дыбыстардан сөздер құрастырып, оларды байланыстырып сөйлемдер құрап сөйлеген. Алғашқы кезде адамдардың саны әлемде аз болғанымен тілдердің саны өте көп болған деп есептеледі. Кейін тілдердің азаюы тайпалық дәуірдің басталуына байланысты.
do.gendocs.ru/docs/index-45629.html




20-лекция

Әлеуметтік философия


Әлеуметтік философия предметі. Қоғам феномені. Қоғам пайда болуы (генезисі). Антропосоциогенез. Қоғам өмірінің күрделіленуі. Саясат. Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы. Азаматтық қоғам. Биліктерді бөлісу идеясы. Мемлекет пен қоғамның ажырасуы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам динамикасы. Қоғамның экономикалық негіздемелері. Әлеуметтік модернизм. Еңбек қажеттілік ретінде. Адам болмысын еңбекке телу (редукциялау). Еңбек қабілет ретінде. Өндірмелі және өндірімсіз еңбек.

жұмысшы отарлауы, 1915 ж.

331. Кәсіпорын иелері жұмысқа семьясы бар адамды алуға тырысатыны қалай?


біріккен орыс-ағылшын акционерлік қоғамы, 1869 ж.

336. Қазақ өлкесінің табиғи байлықтары, халқының құрамы және оның шаруашылығымен өз еңбектері арқылы таныстырған ғалым кім?


саятшылық, қыстыгүні топтасып аңға шығу, бүркітпен, тазымен аң аулау

338. Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің соңғы актісі қандай?


осылардың барлығы

345.

^ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ

САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

КСРО құлауынан кейін тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан алдында жаңа әлемдік тәртіп жүйесіндегі халықаралық қатынастардың дамуында өзіндік рөлге ие болу мәселесі туындады. Евразия құрлығында орналасқан мемлекетіміздің өркендеуі мақсатында географиялық орналасуы мен табиғи байлықтардың молдығын ескере отырып, өзге мемлекеттермен байланыстарды сәтті дамытуда, ең әуелі сыртқы саясатымызды байыптылықпен қалыптастыру қажет болды.

^ ҰЙҒЫР ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ


«Ұйғыр тілі» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі № 160 бұйрығына сәйкес дайындалған 2009-2010 оқу жылына арналған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердiң негiзiнде жүзеге асырылады.

Жалпы бiлiм беретiн оқу ұйғыр тілінде жүргізілетін орта мектептерде 2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен