biologrefs.ru

Технологиялық жабдықтарды құрастыру және есептеу - Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологи

Сортировать: по оценкам | по дате

24.06.18
[1]
переходы:16
Технологиялық жабдықтарды құрастыру және есептеу - Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологи

Тех. жабдықтарды құрастыру және есептеу пәні, тамақ өндірісінде инженер-механик дайындау барысындағы негізгі пәндерінің біріне жатады. Тамақ өндіру жүйесіндегі мамандық бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-құрамдау мамандығын игеру.


Азық-түлік өнімдерінің жабдықтарын өндіруді жобалау пәні студенттерге ғылыми ойлау қабілетін, механиканың әртүрлі физикалық заңдарын дұрыс түсінуде, зерттеу әдістерін игеру мен эксперименталдық нәтижелердің бағалау олардың дәлдік дәрежесін дайындауды құрайды. Жабдықтарды жобалау қабілеттерін пайда болуда, конструкторлық құжаттарды қарастыруда.


Технологиялық жабдықтар курсында машиналар мен аппараттардың құрылымы және оларды есептеу негіздері, әдістемелері қарастырылады. Нан және макарон өнімдерін өндірудің тиімді технологиялық режимдері көрсетіле отырып технологиялық сызбалары қарастырылады.

Курс негізгі екі бөлімнен тұрады:


Макарон өнімдерін өндіру жабдықтары.

Курсты оқыту процесі мынадай оқыту элементтерінен тұрады: лекция, семинар сабақтар, баяндамалар мен таныстыру, практикалық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмыстары кіреді.


Реология - деформация және нақты денелердің ағымы туралығылым. Соңғы жиырма-отыз жыларалығында құрылған реологиялық әдістер тамақ өнеркәсібінде, металургияда, пласмасс және полимер өндірісінде және тағы басқа салаларда заттардың физикалық және физико-химиялық зерттеулерін жүргізгенде кеңіненқолданылады.

Бұл курста деформация механикасының сұрақтары, Гук, Сен-Венан, Ньютон модельдері қарастырылады. Нақты материалдар реологиялық сипаттамалауын анықтау әдістері толық қарастырылған.


Пневмотасымалдаудың екі түрі қарастырылады: ауаның жылдамдығының жоғары және ауа жылдамдығының төмен болған кездегі түрлері. Тасымалданатын материалдардың аэродинамикалық сипаттамалары және олардың пневмотасымалды ұйымдастыруға әсері туралы жалпы түсініктемелер беріледі. Аэродинамика заңдарын негізге ала отырып пневмотасымалдау жүйесінің гидравликалық кедергісін есептеудің теңдеулері шығарылады. Пневмотасымалдау жүйесінің энергия сыйымдылығын төмендетуге байланысты және осы мақсатқа жету жолындағы мәселелер қарастырылады. Лекциялық материалдарды одан әрі пысықтау және түсіндіру мақсатында пневмотасымалдау жүйесін есептеу бойынша әртүрлі тапсырмалар (есептер) қарастырылған.


Көкөніс пен жеміс жидектердің сапасы, процестерді теориялық зерттеу кезіндегі жеміс-жидектердің механикалық, жылулық, химиялық және т.б. әсерлерге тікелей байланысты болады. Бұл процесстерді көкөніс пен жеміс -жидекті қайта өңдеуге терең зерттеу жатады.


1. Азық-түлік өнімдерінің технологиялық жабдықтары

2. Технологиялық жабдықтарды есептеу және құрастыру

3. Азық-түлік өнімдерін өндірудің қазіргі технологиялық сызбалары

4. Қоғамдық тамақтанудың кіші кәсіпорындарындағы техника және технологиясы


Бақша дақылдарының классификациясы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, бақша дақылдарын тасымалдау тәсілдері, бақша дақылдары мен асқабақ тұқымдастарының жемістерін сақтау технологиясы, бақша дақылдарының жемістерін механикалық өңдеу техникасы, бақша дақылдары мен асқабақ тұқымдастарының жемістерін өңдеудің прогрессивті технологиясы


Теориялық және қолданбалы механика пәні бойынша білім мамандықтың оқу бағдарламасында арнайы пәндер көлемінде

қарастырылатын өндіріс саласының әртүрлі технологиялық және жүк көтеру, тасымалдау машиналарының құрылымдарымен танысу, оларды жобалау, жетілдіру кезінде талдауға және есептеулерді орындауға қажет болады.

Бұл пән мамандардың жалпытехникалық дайындық бөлігіндегі кешенді пән болып табылады және оның құрамында келесі пәндердің: «Теориялық механика», «Материалдар кедергісі», «Машиналар механизмдерінің теориясы» және «Машина бөлшектері» негізгі бөліктері мен тараулары қарастырылады.

Пән көлемінде келесі негізгі түсініктер қарастырылады: статика - статиканың негізгі анықтамалары мен аксиомалары, күштер жүйесінің тепе-теңдігі; кинематика - нүкте және қатты дене кинематикасы; динамика-нүкте және механикалық жүйе динамикасы; материалдар кедергісі - ішкі күштік факторлар, кернеулер мен деформациялар, созылу-сығылудағы, иілудегі және бұралудағы беріктікке есептеулер; кинематикалық жұптар, механизмдердің құрылымдық және кинематикалық талдауы, механизмдердің динамикалық талдауы мен жобалауы; машина бөлшектерінің негізгі жұмыс атқару критерийлері және оларға қатысты есептеу, механикалық берілістер, біліктер мен осьтер, тербеліс мойынтіректері, машина бөлшектерінің біріктірулері, есептеу және жобалау жолдарының нұсқаулары.


Электротехникалық материалдар пәні бойынша білім мамандықтың оқу бағдарламасында арнайы пәндер көлемінде

қарастырылатын өндіріс саласының әртүрлі технологиялық және жүк көтеру, тасымалдау машиналарының құрылымдарымен танысу, оларды жобалау және жетілдіру кезінде материалдар түрлерін таңдап қабылдауға қажет болады.

«Электротехникалық материалдар» пәні материалдардың құрылымын және қасиеттерін, әртүрлі факторларға қатысты олар қасиеттерінің өзгеруі заңдылықтарын, қорытпалар теориясын, термиялық және химия-термиялық өндеу түрлерінің негізделуін, материалдар қасиеттерін анықтау әдістерін қарастырады.

Пәннің негізгі мақсаттары: казіргі заманда қолданылатын конструкциялық материалдар түрлерімен және оларды өндеу әдістерімен танысу. Дифференциялды қасиеттерге ие материалдарды анықтап оларды қолдануға ұсыну, өндіріс технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жаңа конструкциялық материалдарды кеңінең қолдана білу.


«Компьтерлік инженерлік графика» пәні бойынша білім мамандықтың оқу бағдарламасында қарастырылатын арнайы және жалпытехникалық пәндерді: теориялық және қолданбалы механика, тасымалдау және жүк көтеру машиналары, өндіріс саласының машиналары игеруге қажет болады.

Пәннің негізгі мақсаттары:


Мәдениеттану студенттерді адамзат мәдениетінің жетістіктері жайында білім алуға, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебап заңдылықтары мен оның негізгі түрлерін түсінуге, әлемдік мәдениет құндылықтарын өздігінше танып білуге көмектесетін пән

do.gendocs.ru/docs/index-223118.html?page=19




Смотрите также:
Технологиялық жабдықтарды құрастыру және есептеу - Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологи
ДИЗАЙН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ФАКУЛЬТЕТІ - Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологиялық униве
Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологиялық университетІ
Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологиялық университетІ
Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологиялық университетІ
Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологиялық университетІ
Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологиялық университетІ
5В070100 – Биотехнология - Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологиялық университетІ
Кедендік бақылау - Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологиялық университетІ
Жарма өндірісінің технологиясы - Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологиялық университетІ