biologrefs.ru

Раздел 1 - Вестник КазНУ

Сортировать: по оценкам | по дате

25.09.18
[1]
переходы:35
Раздел 1 - Вестник КазНУ
Раздел 1 ^ СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ


Е.Б. Ахметов


ӘСКЕРИ ІС-ҚИМЫЛДАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ЗАҢИ РЕГЛАМЕНТТЕЛУІНІҢ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫРЛАРЫ


Қарулы қақтығыстардың құқықтық регламенттелуі мен әскери қылмысқа қарсы күресті мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту мен қалпына келтіруге қатысты көкейкесті сұрақтарды талдауға кіріспес бұрын, мына сауалдарды қою қажет деп көруге болады. Негізінен, «әскери қылмыстар» деген түсініктің өзі қашан пайда болды? Осы фактінің құжат жүзіндегі куәгерлік күшін, шамамен болсын, анықтауға бола ма? Осы қылмыстардың заңдық құрылымын ғана емес, алғашқы түсінігі де берілетін нақты дереккөздерді қайдан іздеуге болады?

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, алдымен, соғыс деген түсініктің өзін анықтап алу қажет, яғни әскери қылмыстар өздігінен соғыс кезінде жүзеге асатыны анық және бұл қылмыстар белгілі бір әскери ережелерге сай орындалады.

Атап өту қажет, адамзат тарихының барлық кезеңдерінде соғыс феноменінің мағынасына моральдық баға беруге тырысушылық, біржақты шайқасты тиімді қолдану әдістерін жасап шығару және соғысты шектеу әрекеттерін іздеу деген ұғымдар енеді.

Осы зерттеудегі қойылған мақсаттар мен талаптарды орындауға үлкен қызығушылық пен тікелей мағына беру соғыстың тарихи-құқықтық аспектілеріне ие болады деп ойлаймыз.

Ереже бойынша, соғыс деген - бұл, үлкен топтар немесе адамдар шоғырының арасындағы (мемлекеттер, ұлыстар, партиялар) қарулы қақтығыстар. Бұған соғыс былыққан түрде жүрмейтінін қосуға болады, кез келген қарулы қақтығыс соғысушы тараптардың міндеттерін қарастыратын халықаралық құқық нормаларымен және заңдармен қадағаланып отырады.

Бірақ, өкінішке орай, адамзат дамуының барлық кезеңі әртүрлі масштабтағы қақтығыстар мен соғыстарға толы болған. Бізге белгілі қоғамның 95%-ына дейін соғысқа ішкі және сыртқы жанжалдарды шешу үшін барған, соғыстар жеке мемлекеттердің империялық мұқтаждықтарын білдіретін басып алушылық сипатты алып жүрді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, соңғы елу алты ғасырда шамамен 14500 соғыс болып, онда 3,5 миллиардқа жуық адам қаза тапты.

Антик дәуірінде, орта ғасырлар мен жаңа дәуірде кең тараған сенім бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі - адамзат тарихындағы бірден-бір бейбіт кезең, ал алғашқы қауым адамы қандай да бір жауынгерлік және агрессивтілік қасиеттен жұрдай жаратылыс ретінде ұғынылады. Соған қоса, Еуропадағы, Солтүстік Америка мен Солтүстік Африкадағы тұрақтарды жаңа археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған айғақтар қарама-қарсы пікірді алға шығарады: қарулы қақтығыстар неондерталь кезеңінде де болған. Қазіргі заманғы аңшы ұрпақтары мен жинаушыларды этнографиялық зерттеу, көп жағдайда неондертальдықтар (зулустар, дагамейлер, солтүстік америкалық үнділер, эскимостар, Жаңа Гвинея ұлыстары) өмірінде көршілеріне шабуыл жасау, мүлік пен әйелдерді зорлықпен тартып алу сияқты қылмыстар өмірдің ащы шындығы. Осыған сай, қарудың алғашқы түрлерін (дуышқа, шоқпар) алғашқы қауым адамы б.з.д. 35 мың жыл алдында қолданған, дегенмен топтық шайқастың ең алғашқы көріністерін б.з.д. 12 мыңжылдық деп белгіленеді, осы уақыттан бастап соғыс жайлы айтуға болады [1].

Алғашқы қауымдық құрылыста соғыстың жандануын, біріншіден, садақ, сақтан сияқты арақашықтықты сақтап, соғыс жүргізуге болатын құралдардың пайда болуымен байланыстыруға болады. Осылайша, осы уақыттан бастап күресушілердің дене күші негізгі мағынаға ие бола алмай қалды, үлкен рөлді жауынгерлердің ептілігі мен қашықтылығы ала бастады. Бірақ, ең маңыздысы, соғыстың қатты ритуализациялануы есебінен (көптеген табу мен тыйымдар), енді үлкен деңгейде оның ұзақтығын шектейтін және үлкен жоғалтуларды (адамдардың қаза болуы) шектейтін белгілі бір қалыпты құқықтық қалыпқа түседі [2].

Соғыс эволюциясының белгілі факторы болып жануарларды қолға үйрету мен бірінші кезекте, аңдарды әскери мақсатта қолдану табылады. Бұл көшпенділерге атты әскерге ие болу мүмкіндігін берді. Олардың аяқасты қалуынан қорғау қажеттілігі, өз кезегінде, фортификацияның пайда болуына әкелді. Фортификацияның бірінші негізгі айғағы - бұл Иерихонның бекініс қабырғаларын қалау (б.з.д. 8 мыңжылдық шамасында).

қандай да бір тәсілдермен қорғаусыз қалаларға, қыстақтарға, түрғылықты мекендерге немесе құрылыстарға шабуылдау немесе оларды бомбылау;


дұшпан жақтың парламенттік немесе ұлттық жалауын, әскери белгілері мен формалық киімдерін заңсыз қолдану және т.б. [13].


Осыған байланысты, біраз уақыт бұрын, 1864 жылы Женевада Құрлықтағы соғыста жараланған және ауыр халдегі жауынгерлердің жағдайларын жақсарту туралы Конвенция қабылданады. Бұл Конвенцияның ең негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылады: құрлықтағы соғыс жағдайында санитарлық көліктер мен далалық госпитальдар «жауласу-шылардың барлық қатысушыларының тарпынан қорғау мен жақтаушылыққа жатады, науқастар мен жараланғандарға баспана беріп, бейтарап түрде қабылданады»; «дәрігерлік және санитарлық қызметшілер атылмайды немесе тұтқынға алынбайды, сондай-ақ өзінің міндеттерін майданда көмек көрсетуге зәру соңғы жаралы қалғанша атқара отырып, бейтарап мәртебе мүмкіндігін алады»; «жараланған және науқас командирлерге, олар қай тарапқа жатпасын, қажетті күтім көрсету және кезегі бойынша соңғысы, бірақ маңыздылығы жөнінен емес, қатынасушы елдер» жараланғандардың эвакуациясы мен күтімімен шұғылданатын госпитальдер, санитарлық көліктер мен бөлімшелердің жеке құрылымы «ақ фондағы қызыл крест» белгісі бар, бірыңғай үлгідегі қол таңғыш немесе ерекше белгісі бар жалауға ие болады деп келісіп алған [14].

Соғыс жүргізуде белгілі бір құралдар мен тәсілдерді шектеу және оларға тыйым салу қағидалары мен нормаларын әрі қарай кодификациялау ісіндегі белгілі оқиға 1868 жылы Санкт-Петербург қаласында қабылданған Жарылғыш және жанғыш оқтарды қолдануды болдырмау туралы Декларация болды. Бұл Декларация көптеген қатынастарда Либер Кодексіне толығымен қарама-қарсы болды. Ол уақытта Кодекс секілді мемлекеттің ішкі заңдарының бөлігіне айналған, бірбеткей ретте жарияланған, үлкен сұраулар шеңберін туғызған Декларация соғыс жүргізудің өте ерекше бір ғана аспектісіне қатысты халықаралық келісімшарт болып есептелінді. Келісімшарттың тақырыбы бұған дейін қолда бар, ауыр емес салмақтағы жарылғыш немесе жанғыш снарядтарды ұзақ қолданбау туралы болды. Бұл уақытта жаңа оқ-дәрілердің, әсіресе, жарылғыш винтовкалық оқтардың әсерлері шынайы шайқас жағдайларында сыналып қойған еді. Дұшпанның жанды күшіне қарсы қолданылатын жаңа оқ-дәрілер, кәдімгі винтовка оқтарынан тиімді емес болатын: негізінде, жарылғыш оқ қатардан (hors de combat) тек бір ғана дұшпан жауынгерін құртуы мүмкін. Мұндай оқпен жаралану өте ауыр және жаралы адамның жарасын әрі қарай ұлғайта түседі [15].

1868 жылы Санкт-Петербургте Ресей билігінің ынтасы бойынша «дамыған мемлекеттердің арасындағы соғыс кезінде заманауи, жоғарғы деңгейдегі снарядтарды қолдануды шектеу мүмкіндігін қарастыру мақсатында» жиналған халықаралық әскери комиссия өте қысқа мерзімде, снарядтардың жаңа түрлерін қолдануға тыйым салу керек деген шешімге келді. Комиссия өз шешімін келесі қызықсыз емес талқылар тізбегіне негіздеп шығарды. «Цивилизацияның табыстары мүмкіндігінше соғыс ауыртпалықтарын азайтуы керек» дегенді айтудан бастап, комиссия «соғыс уақытысында мемлекеттер ие болуға тиіс жалғыз заңды мақсат дұшпанның әскери күшін әлсіретуге бағытталған» деп жариялады. Бұл үшін «саптан, мүмкіндігінше көбірек адамды шығарудың өзі толық жеткілікті», ал «дұшпандарды өлтіретін немесе көптеген адамдарды жаралап, оларды саптан шығаратын мұндай құралды қолдану, аталған мақсатты қабылдауға сәйкес емес». Бұл қаруды қолдану «адамзатты сүю заңдарына қайшы келетін» еді [16].

Комиссияның көзқарасы бойынша, қарастырылып отырған снарядтар осы анықтамаға сай келгендіктен, оның мүшелеріне тек «адамды сүю талаптарының алдында соғыс қажеттіліктері тоқтайтын техникалық шекараларды» жалға қою ғана қалды. Бұл әдейі математикалық дәлдікпен жасалған: сынды түрде 400 грамм салмаққа жарияланды. Шектеу, шыны керек, азды не көпті мөлшерде ерікті болды: винтовка оғы азырақ тартатын еді де, ал артиллерия снарядтары ол уақытта белгілі мөлшерде ауыр болды. Бұдан шығатын осы екі соңғы өлшемнің аралығындағы шекаралық белгіде болды. Қарсыластың жанды күшіне қарсы қолданылатын, ол уақыттың жарылғыш артиллериялық снарядтары ауыр жарақат әкелуге себеп болуы мүмкін, тіпті кейде «саптан шығарылған адамдардың өліміне сөзсіз себеп» болуы мүмкін, бұлар саптан бір командирден аса шығарып жіберуге қабілетті, осылайша, винтовкалық оқ болғанымен, қарудың басқа класына жатады.

Тілі, діні, мәдениеті мен сеніміне қарамастан, адам құқықтары мен еркіндіктерін дамыту арқылы оларға тән экономикалық, қоғамдық, мәдени және гуманитарлық мәселе-лерді шешетін халықаралық қауымдастық құру.


Және осы жалпы мақсаттарға жетудегі ұлттардың келісімге келу әрекеттерінің орталығы болу (БҰҰ Жарғысының 1-бабы) [29].

БҰҰ-ның Жарғысында көрсетілген жоғарыдағы мақсаттарға жету үшін мүше-мемле-кеттер мынадай қағидаларға сай әрекет етуі қажет:

1. «Ұйым оның барлық мүшелерінің егемендік теңдігі қағидасына негізделген». Ұйымға мүше-мемлекеттердің егемендік теңдік қағидасы негізгі деп бекітіледі.


«БҰҰ-ның барлық мүшелері ерікті түрде, Ұйым мүшелері басшыларының мін-деттерінен келіп шығатын міндеттер мен құқықтарды бірге қамтамасыздандыру үшін Жарғыда өздеріне жүктелген міндеттерді атқарады». Бұл ереже БҰҰ Жарғысынан және басқа Ұйым Жарғыларында бекітілген мүше-мемлекеттердің БҰҰ-ға мүше-мемлекеттер ерікті түрде орнату қажеттілігі жайлы норма бекітілген.


«Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өздерінің халықаралық дауларын бейбіт жолмен шешеді, себебі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке, әділдікке қауіп төндірмеу қажет». Бұл ережеге сәйкес, барлық халықаралық даулар мен жағдаяттарды бейбіт жолмен шешу керектігі, яғни осы арқылы қазіргі халықаралық құқық пен ұйым қолданатын құралдар мен механизмдерді пайдалану туралы бекітілген (қайырымдылық қызметтер, келіссөздер, татуластырушылықтар, халықаралық соттық қарау, арбитраж және т.б.).


«Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өздерінің халықаралық қатынастарында күштеп қорқытудан немесе оның аумақтық дербес құқықтылыққа ие кез келген мемлекеттің саяси тәуелсіздігіне қарсы қолданудан, я болмаса, Біріккен Ұлттар мақсаттарына сәйкес келмейтін саяси қызығушылықтары үшін халықаралық қатынастарда қарулы күштерді қолдану немесе күштеп қорқытуға жол бермеу жайлы ережені бекітеді».

5. «Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері колданыстағы Жарғыға сәйкес қабылданатын барлық әрекеттерінде ұйымға қолдан келетін көмекті көрсетеді және Біріккен Ұлттар Ұйымы превентивті немесе мәжбүрлі түрдегі әсерлерді қолданатын кез келген мемлекетке көмек көрсетпейді».

6. «Ұйым, өзіне мүше емес мемлекеттердің өзінің қағидаларына сәйкес, қызмет етуін қамтамасыз етеді, бұл әрекет халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қажет болуы мүмкін». Көрсетілген қағидалар мүше-мемлекеттер үшін Ұйыммен және өздерінің арасында Жарғыда көрсетілген жалпы мақсаттарға жетуде өзара тиімді қауымдастық құру ережелерін жолға қояды.

7. «Бұл Жарғы ешқашан Біріккен Ұлттар Ұйымына кез келген мемлекеттің ішкі құзырына кіретін істеріне араласуға құқық бермейді, және Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелерінен мұндай істерін Жарғының шешіміне беруін талап етпейді; бірақ, бұл қағида, VII бөлім негізінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға итермелейді» (БҰҰ Жарғысының 2-бабы). Бұл ережеде БҰҰ-ның мемлекеттердің ішкі істеріне араласуына жол бермеу және осыған сәйкес бір мемлекеттің басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуына жол бермеу нормалары бекітілген. Тек қана БҰҰ-ның Жарғысының VII бөліміндегі ережеге сәйкес, оның мүшелерінің қажеттілігінен туындаған жағдайларда ғана, БҰҰ тарапынан мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға болады [30].

Осылайша, БҰҰ қазіргі күнге дейін толық түрде өзі жариялаған міндеттерді атқарады және осы күнге дейін бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша тиімді халықаралық институт қызметін атқарып келеді деп сеніммен айтуға болады. Бұл адам баласына қарудың жаңа түрлері, оның ішінде, алдымен ядролық қару қауіп төндіріп тұрған қазіргі кез үшін көкейкесті болып табылады. Осыған байланысты 1984 жылдың 12 қарашасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Халықтардың бейбіт өмір сүруге құқығы туралы» Декларациясын ерекше атап өту қажет. Сондай-ақ, бұл аталған құжаттың 92 мемлекет тарапынан мақұлдануы барлық адамзат өркениетіне төніп тұрған термоядролық апаттың қаупін жоюға әлем халықтарының ұмтылысын дәлелдейді. Себебі, бұл апат, адамдардың өмір сүру құқығына тікелей қол сұғу және халықаралық қылмыстың жаңа түрі - адамзат өркениеті мен бейбітшілікке қарсы әрекет объектісі болып табылады [31].

БҰҰ-ның қамқорлығы аясында, қақтығыс құрбандарын қорғау және қарулы қақтығыстарды құқықтық регламенттеу сұрақтары прогрессивті даму үстінде. Бұл жалпы алдыңғыдан қауіпті құралдар мен жарақтардың жаңа түрлерінің пайда болуына негіз болатын жанжалдарды шектейді.

Шынын айту керек, құралдардың мұндай түрлерін қолдану жер бетіндегі тіршілік атаулының өмірі мен жердің экожүйесіне тікелей қауіп төндіреді. Осыған байланысты жаңа түсінік қалыптасты және халықаралық қылмыстың жаңа түрі - экоцидке халықаралық-құқықтық квалификация беріледі.

Осылайша, экоцид деген ұғымға бүкіл адамзаттың немесе адамзат қоғамының жеке бөліктерінің денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп туғызатын қоршаған ортаға деген зарарды жасап шығаратын халықаралық қылмыс деп анықтама беріледі. Экоцид қылмыс ретінде, әскери экоцидтің құрамдас бөлігіне байланысты, аргессивті соғыстың қайнар көзі болып табылады. Яғни, бұл соғыста жеңу және қарсыласының үстінен әскери мүлікке қол жеткізу үшін табиғи жағдайлар мен құбылыстарды мәжбүрлі түрде қолдану дегенді білдіреді. Осыған байланысты, халықаралық құқықта соғыс санаттарының мүлде жаңа түрлерін бөліп көрсетуге болады:

а) геофизикалық соғыс бұл қолдан ықтиярсыз түрде вулкан атқылату, жер сілкінісі, озон қабатына зақым келтіру, мәңгілік тоңды еріту және басқа да жер құрылымы немесе құрамы, динамикасын қолдан өзгерту жағдайлары дегенді білдіреді;

ә) метеорологиялық соғыс, яғни техникалық және басқа да құралдардың көмегімен борандар, цунами, дауылды, бұршақ жаудыру, көшкіндер, жаңбыр не қар жаудыру және басқа да климаттық өзгерістерді жасау;

б)

1997 жылғы Жаяу әскерге қарсы миналарды қолдануға, қорға жинақтауға, шығаруға беруге тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция және т.б.


Соғыс жүргізу ережелерін регламенттеудегі негізгі тарихи-құқықтық сұрақтарды анықтай отырып, осы баяндама шеңберінде көрініп тұрған негізгі ойды белгілеп өтуге болады. Адамзаттың бірінші күннен бастап соғыс зардаптары мен ауыртпашылығын бәсеңдетуге байланысты, бүгінгі күнге дейін, соғыс іс-қимылдарын жүргізудің құралдары мен тәсілдерінің арнайы сұрақтарын қарастырып, оларды реттеуде халықаралық құқықтың рөлі қомақты.






Flores J.-L. L'empechement des violations du droit de guerre // Revue international de la Croix-Rouge. 1991. Mai-Juin. № 789. - P. 264.


Калугин В.Ю. Обязательство Республики Беларусь по пресечению серьезных нарушений международного гуманитарного права и их реализация в уголовном законодательстве // Белорусский журнал международного права и международных отношений. 1998. - № 3. - 15-б.


Адельханян Р.А. Военные преступления в современном праве. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Научная книга, 2006. - 320 с. - 17-б.


Кудайбергенов М.Б. Международное уголовное право: Учебное пособие. - Алматы: Ғылым, 1999. - 362 с. - 17-18 бб.


Русинова В.Н. Нарушения международного гуманитарного права: индивидуальная уголовная ответственность и судебное преследование. - М.: «Юрлитинформ», 2006. - 192 с. - 35-б.


Кудайбергенов М.Б.Международное уголовное право в документах. Т. 1. - Алматы: Ғылым, 1999. - 264 с. - 77-б.


Красов С.И. Международная уголовная ответственность индивидов (правовые проблемы). Диссер. на соиск. уч. степени канд. юрид. наук. М., 1985. - 6-б.


Schindler D., Toman J. The Laws of Armed Conflicts. A Collection of Conventions. Resolutions and Other Documents. Dordrecht/Geneva, 1988. - 754 p. - 35-б.


Сборник важнейших документов по международному праву. Көрс. еңбек. 52-б.




Данная статья подготовлена на основе доклада, сделанного на научно-теоретической конференции «XXI век: актуальные проблемы Женевских конвенций о защите жертв вооруженных конфликтов 1949 года», посвященной 60-летию Женевских конвенций о защите жертв войны 1949 года. В статье, на основе историко-правового обзора международных актов, принятых международным сообществом, рассматриваются историко-правовые аспекты юридической регламентации правил ведения военных действий. Также, начиная с древнейших времен и по сегодняшние дни показаны роль и место международных организаций как универсального, так и регионального характера в принятии норм и положений, касающихся правил ведения военных действий.




The given article is prepared on the elements of the report made in scientific and theoretical conference «XXI century: the topical problems of 1949th armed conflicts victims defence of Geneva convention» dedicated to 60th annuversary of Geneva convention of 1949th armed conflicts victims defence. In the article, there are considered the historical and legal aspects of juridical regulation condactions of military operation rules, which is baced on the historical and legal reviey of international documents admitted by the international association. Also, there indicated the role and the spot of international organizations starting whith amcient times till nowedeys, as universal as regional character in regulation acceptance conserned whith military operation wages.


З.
do.gendocs.ru/docs/index-114219.html?page=2