biologrefs.ru

Вестник КазНУ - страница 2

Сортировать: по оценкам | по дате

25.09.18
[1]
переходы:23
Вестник КазНУ - страница 2

****

Косово дағдарысы және оны реттеу үрдісі еуропалық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру тағдырына шешуші әсер етті. Косово дағдарысын реттеу тәжірибесі, кеңестік одақтан кейінгі аумақта шешімін таппаған дағдарыст тұрғысынан Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуінде маңызды.


****

The Kosovo conflict and process of its settlement had deciding influence on destiny of new system of the European safety. Experience of settlement of the conflict in Kosovo is important for Presidency of Kazakhstan in OSCE in a context of the frozen conflicts of the post-Soviet territory.


Г.С. Байкушикова


Еуропада экология саласында саясаттың қалыптасуының кейбір мәселелері


Қазақстан Республикасы Президент Н.Ә. Назарбаевпен Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелес елі қатарына кіру Стратегиясында белгіленген жаңа тарихи фазаға қадам басты. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу механизмі тұрақты дамуға ауысу болып табылады, яғни экономикалық, әлеуметтік және экологиялық үдерістер тепе-теңдігі болуы қажет. Қазақстанның табиғаты - бізге алдыңғы ұрпақпен берілген үлкен құндылық. Елдің табиғи байлығын сақтау, тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыруымыз, халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуіміз қажет [1]. Осы орайда әлемдегі экологиялық саясатты жүргізу саласындағы көшбасшылардың бірі Еуропа елдерінің тәжірибесін зерттеп, талдау өзектілік тудырып отыр.

Еуропа континентіндегі экологиялық мәселелердің өзектілігі және қиындығы барлығымызға танымал. Осыған орай мемлекеттік және халықаралық институттар деңгейінде Еуропада табиғи ортаның ластану ауқымын тастандылардың барлық түрлеріне қатаң стандарттар қою арқылы, ресурсты сақтайтын технологияларды енгізуді стимулдау арқылы төмендетуді мақсат етіп қоятын орталықтанған құрылымдық экологиялық саясат жүргізу қажеттілігін түсінген болатын.

Еуропалық Одақ соңғы 50 жылда қоршаған ортаны қорғау саласында жеке саясатын жүргізіп келеді. Кең ауқымда табиғатты қорғау сипаттағы шаралар жүргізілді, мүше-мемлекеттердің экологиялық қызметін реттеу мен үйлестіру үшін құқықтық база құрылған, қоршаған ортаның сапасын қорғау мен жақсартуға жаңа бағыттар құрастырылып, енгізілген.

Еуропалық Одақ қазіргі таңда халықаралық табиғатты қорғау ынтымақтастығы саласында әлемдегі көшбасшылардың бірі. Сонымен қатар ЕО-ның экологиялық саясаты және қызметі қоршаған ортаны қорғау саласында ғаламдық шаралармен, соның ішінде БҰҰ-ның басшылығымен жүргізіліп жатқан шаралармен де тығыз байланысты.

Қоршаған ортаны қорғау - ЕО қызметінің басқа да интеграциялық бағыттарымен қатар жүретін басым бағыттарының бірі. ЕО қоршаған ортаны қорғау саласында кең ауқымды компетенцияға ие, жалпы еуропалық нормативтік актілердің басым көпшілігі осы салада шығарылады. Осыған орай Ресей зерттеушісі П.А. Калиниченконың пікірінше, қазіргі таңда Еуропалық Одақ құқығында арнайы сала - ЕО-ның қоршаған орта құқығының бар екендігін айтуға болады [2]. Сонымен бірге ЕО-ның экологиялық және қоршаған орта саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар.

Алайда барлығы қазіргідей болған жоқ. Бастапқыдағы 1957 жылғы Рим келісімшарты ЕО-ға қоршаған орта саласында өкілеттік берген жоқ еді [3]. Сол жылдары ЕО-мен жүзеге асырылып жатқан шаралары бұл саланы тек жанама түрде ғана қамтыған болатын, шаралар тек экономикалық және әлеуметтік маңызды мақсаттарға жету үшін жүзеге асырылды. Табиғатты қорғау қызметі факультативті түрде іске асырылды. Бірақ ХХ ғасырдың 70-жылдары Еуропада экологиялық дағдарыстың шиеленісуімен Еуропалық Одақ деңгейінде экологиялық шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туындады. 1970 жылдары ЕО мемлекеттері басшыларының мәжілістерінде ұйымның қоршаған ортаны қорғау саласында қызметін дамыту туралы шешімдер қабылданды. Соған қарамастан құрылтай келісімшарттың жағдайлары қайта қаралған жоқ, яғни ЕО-ның қоршаған ортаны қорғау саласында өкілеттігі қарастырылмаған еді.

Еуропалық Одақтың экологиялық саясатының қалыптасуының бес кезеңін айқындауға болады.

^ Бірінші кезеңі (1957-1971). Бұл кезең Еуропалық Одақтың қоршаған орта саласында құқықтық өкілеттігінің жоқтығымен сипатталады.

ЕО-ның экологиялық саясаты «толассыз» сипатқа ие, ол 1992 жылғы Маастрихт келісім-шартында (№ 20 Декларация) бекітілген еді [6].

ЕО-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі үш ерекшелікке негізделеді:


Қоршаған ортаны қорғау саласында мүше-мемлекеттермен бірегей өкілеттіктерінде жоғарыда аталған субсидиарлық принцип көрінісін табады.

Маастрихт келісімшартында қоршаған орта саласында ЕО-ның әрекет бағдарламаларына талаптар анықталған, сонымен қатар табиғат қорғау шараларын қаржыландыруға қатысты жағдайлар қарастырылған. Субсидиарлық принципі экологиялық баптардан алынып, ЕО қызметінің ортақ принциптерінің біріне айналды.

1997 жылғы Амстердам келісімшарты ЕО-ның құрылтай келісімшарттарына бірқатар өзгерістер енгізді және де экологиялық заңнаманың әрі қарай трансформациялануы мен дамуына негіз салды. Амстердам келісімшарты «тұрақты даму» принциптерін ұстанатын-дығын растады. Сонымен қоса экологиялық интеграция барлық мүше-мемлекеттерге және де ЕО-ға кіруге үміткерлерге міндетті талап болды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2000 жылғы ЕО-да институционалдық реформалар жүргізу мақсаты болып табылатын Ница келісім-шарты қоршаған ортаны қорғау саласында айтарлықтай өзгерістер енгізуді қарастырмады. Қазіргі таңда ЕО-ның экологиялық қызметі ЕО туралы келісімшарттың 174-176 баптарына сәйкес, сонымен қатар ішкі нарықтың жұмыс атқаруын қолдау мақсатымен мүше-мемлекеттердің экологиялық заңнамасын келістіру бойынша Одаққа өкілеттік беретін аталған келісімшарттың 95-бабының негізінде жүзеге асырылады [7]. Экологиялық интеграцияның міндетті сипатқа ие болуына байланысты ЕО-да экологиялық сертификация жүйесі (Green Star System) құрылды. Ол 1998 жылы Еуропалық кеңестің Кардиффтегі отырысында «Интеграция үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберінде қабылданған болатын. Осы жүйенің әрекетіне ең алғаш болып ЕО-ның энергетикалық, көлік және ауылшарушылық саясаты түсті. Кейініректе интеграцияның бұл түрі ішкі нарықты дамыту, балық шаруашылығы, өндіріс және қаржы саласын дамыту саясатына таралды.

ЕО-мен жүзеге асырылып жатқан қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеу саласына экологиялық стандартизация, қоршаған ортаға антропогендік және техногендік әсерді бағалау, экологиялық ақпаратты жинақтау және өңдеу, қоршаған орта жағдайының мониторингі, экологиялық сертификаттау, экологиялық менеджмент және экологиялық аудит, қаржыландыру механизмдерін дамыту және экологиялық құқықты қорғау сияқты шаралар енді [8].

Осылайша 1990 жылдардың ортасы экологиялық саясаттың ЕО қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде болуымен сипатталады. Сонымен қоса 1998 жылдан бастап Еуропалық Комиссия және Еуропалық Кеңес Венада (1998 жылдың 11-12 желтоқсаны) қоршаған орта мәселелері Еуропалық Одақ саясатының барлық бағыттарына қосылатындығы жарияланды.

ЕО-ның шараларына қатысты «горизонталды» тәсіл қолданыла бастады, оның басты принципі қоршаған ортаны ластауға алып келетін барлық салаларды есепке алу болып табылады.

^ Бесінші кезең (2003- қазіргі күнге дейін). Қазіргі кезде ЕО-ның экологиялық қызметі ЕО туралы келісімшартының баптарымен қарастырылатын экологиялық компетенция негізінде жүзеге асырылады. Экологиялық қызмет ЕО қызметінің басқа да бағыттарымен тығыз байланысты.

Қазіргі кезеңде ЕО-да қоршаған ортаны құқықтық реттеуді жетілдіру жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, экологиялық ақпаратты жинақтау және өңдеу, қоршаған ортаның мониторингі, экологиялық сертификаттау, қоршаған ортаға әсер етуді бағалауға экологиялық шараларды қаржыландыру жүйесінің құқықтық негізін құрайтын актілер өзгеріске ұшырады.

Экологиялық стандартизациялау және сертификаттау саласында көптеген нормаларды кодификациялау талпыныстары жасалынуда.

Еуропада экологиялық саясатты жүзеге асырудың басты элементі қоршаған ортаны қорғау мәселесін ЕО Конституциясының жобасына енгізу болып табылады.

Маастрихт келісімшартына қол қойғаннан бастап ЕО біртіндеп «экологиялық одаққа» айнала бастады [9]. ЕО-ның мүше-мемлекеттері қоршаған ортаны қорғау міндеттерін саясаттың барлық салаларында іске асырылып жатқан нормативті-құқықтық актілермен интеграциялауға міндетті. ЕО қоршаған ортаны қорғау туралы көптеген директиваларды қабылдайды. Оны мүше-мемлекеттер ұлттық құқыққа инкорпорациялауы керек.

ЕО-ның әрбір институттарының жұмыс атқаруы экологиялық проблематиканы қамтиды.
do.gendocs.ru/docs/index-17196.html?page=2