biologrefs.ru

Вестник КазНУ - страница 9

Сортировать: по оценкам | по дате

24.06.18
[1]
переходы:24
Вестник КазНУ - страница 9

***

В статье «Правовое регулирование налоговых льгот в качестве исключения двойного налогообложения» проанализирован механизм предоставления и регулирования налоговых льгот как метода предотвращения двойного налогооблажения.


***

In this article analysed the mechanism of granting and regulation of tax privileges, as method of prevention double taxation.


Ш.М. Шарипов


Прокуратураға тән процессуалдық функциялардың ерекшеліктері


Функция ұғымының латын тілінен шыққан этимологиясының анықталуына байланысты прокуратураға тән оның анықтамасын былайша деп беруге болады: прокуратураның функциясы деп Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған әрі «Прокуратура туралы» Заңда нақтыланған, оның әлеуметтік-тарихи мақсаттарымен алдын ала белгіленген, жүргізу пәнінің нақтылығымен осы органның алдында тұрған мақсаттарын заңда көзделген құқықтық құралдармен және өкілеттіктермен шешуге арналған қызметінің ерекше бағыттарын айтуға болады.

Прокуратураға тән функциялардың сан алуандығы мен өзектілігі дәлелді нәрсе. Солардың ішіндегі процессуалдық функцияларына келетін болсақ, қызметінің осы бағытының да бірыңғай немесе біркелкі еместігін байқауға болады.

Жалпы қылмыстық-процессуалдық функциялары деп қылмыстық процесс тұлғаларының (субъектілерінің) қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің басты бағыттарын айтады.

Қылмыстық іс жүргізу функциялары - деп Б.Х. Төлеубекованың айтуынша: іс жүргізу қызметінің негізгі түрлері мен бағыттарын түсіну керек [1]. Олар өз мүдделерін қорғайтын басқа да адамдар қатыстырылатын іс бойынша оны жүргізетін құзыретті органдардың қызметі нәтижесінде қол жететін арнайы және жеке мақсаттар мен міндеттерге қарай қылмыстық процесте саралануы мүмкін [2].

Мұндай функциялардың саны (яғни түрлері) жөнінде ортақ пікір жоқ. Сонда да олардың көпшілігінің басын қосатын жері мына функциялардың барлығын: айыптау функциясын (қылмыстық қудалау), қорғау және істі шешу функцияларын мойындауында. Құқық әдебиеттерінде қылмыстардың тергелуіне прокурорлық қадағалау функциясын да атайды. Ал Б.Х.Төлеубекова қылмыстық іс жүргізу функцияларын екі топқа: негізгі және демеуші функцияларға жіктеп, негізгілерінің қатарына: қылмыстық істі тергеу; қылмыстық ізге түсу (айыптау); заңдылыққа прокурорлық қадағалау; қорғау және қылмыстық істі сотта қарау мен шешуді жатқызса, демеушілерінің қатарына: ақтау; азаматтық талапты қолдау; азаматтық талаптан қорғану; процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қылмыстардың алдын алуды енгізеді.

Қылмыстық процессуалдық функциялардың түрлеріне қатысты ортақ пікірдің жоқтығын қайталай келе, құқық әдебиеттерінде келтірілетін олардың жіктемесіне тоқталсақ:


төрт функцияны: айыптау, қорғау, істі шешу және алдын ала тергеуді атайтындар (А.С. Кобликов, С.В. Бородин, т.б.).


функциялардың кең санын, яғни процеске қатысушылардың санына қарай сонша функция болады деушілер (П.А. Лупинская, Л.М. Корнеева, И.В. Тыричев, т.б.);


ондайлардың алтауын: 1) істі тергеу; 2) айыптау; 3) қорғау; 4) азаматтық талапты қолдау; 5) азаматтық талаптан қорғау; 6) істі нақты шешуді атайтын (Р.Д. Рахунов) [4].

Құқықтағы қазіргі тенденцияға сай құқықтық қатынастарға қатысушылар және олардың мәртебелері туралы ұғымдар тұрғысынан қылмыстық ізге түсу функциялары мәселелерінің теориялық зерттеулерінің тереңдетілуі мен дамытылуы қажеттілігіне өз еңбектерінде В.Я. Чеканов, В.Г. Даев, М.Л. Якуб, В.П. Нажимов сілтейді.

Қылмыстық іс жүргізу функцияларының белгілері ретінде мыналар аталады:


Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексі де, «Прокуратура туралы» Заңы да прокуратураға бірімен-бірі сыйыса қоймайтын қылмыстық қудалау, сосын қылмыстардың тергеуіне прокурорлық қадағалау, одан кейін айыптау (мемлекеттік айыптаушы ретінде), соңында барып тағы да сот актісінің заңдылығын қадағалау сияқты алма-кезекті функцияларды жүктеп қойған.


Аталған функцияларды бірқатар атқаруына байланысты прокуратураның қылмыстық сот өндірісіндегі миссиясын айқындау белгілі бір қиындық туғызады. Себебі, ол әрі қылмыстық қудалауды жүргізіп, әрі заңдылықты қадағалап, әрі айыптап отырып, қылмыстық процестегі ала-құба тұлғаға айналып кететіні сөзсіз. Екіншіден, прокурордың мұндай «процессуалдық мәртебелері» қылмыстық процестің сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру, сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқылығы негізінде жүзеге асыру принциптерімен сыйыспайтыны анық. Әсіресе, тең құқылығына байланысты күмәннің тұрары хақ.


Прокурордың қылмыстық сот өндірісінде айыпты қолдап, яғни мемлекеттік айыптаушы ретінде іске қатысуы, оның сотта мемлекет мүддесін білдіру миссиясымен қиылыспайтынын білдіреді. Әсіресе, мемлекет өзін құқықтық, демократиялық деп жариялаған ретте, оның өз өкіліне белгілі бір процессуалдық мүддені жүктеуі және ол мүддені қайткен жағдайда жақтауды міндеттеуі (сот шешіміне наразылық білдіру арқылы) дұрыс емес.

Осы орайда, қылмыстық процестің тарихи қалыптасқан түрлеріне тоқталу сәті түсіп тұр. Бүгінгі күнге мәлім болғандай, төрт түрі аталып келеді:


Правила консервации земель, утвержденных постановлением Правительства РК от 29 сентября 2003 г. № 993 (с изменениями и дополнениями от 6 июня 2006 г. № 511) / Земельное законодательство. Сборник нормативных актов. - Алматы, Юрист, 2008, с. 92 - 95.


Зарьков В.М. Почва как объект правовой охраны // Советское государство и право.
do.gendocs.ru/docs/index-17196.html?page=9




Вестник КазНУ - страница
***

Бапта бұзылған жерді қалпына келтірудің мақсаты мен міндеттері, құқықтық негізі ашылады. «Жер» және «Жер қыртысы» түсінігінің сәйкестігі қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың мазмұны мен ерекшелігін ашатын негіз ретінде зерттелді. Жерді қалпына келтіру жөніндегі құқықтық қарым-қатынастың мазмұны мен ерекшелігі ашылады.

***

The article describes the goals and objectives, the legal framework for reclamation of disturbed lands.
Вестник КазНУ - страница
***

Мақалада отандық және шетелдік авторлардың ғылыми әдебиетіне сараптау берілген, сонымен қатар халықаралық қылмыстық іс-әрекетпен күресудің заңдық актісі берілген. Халықаралық қылмыстық құқықтың құрылуы мен жүзеге асырылуының ортақ мәселесі бойынша негізін қалаушы теориялық концепциялары, материалдық және процессуалдық құрамдастың қатынасы, олардың критериялары мен айырмашылықтары қаралған.


***

In article the analysis of the scientific literature of domestic and foreign authors is given.