biologrefs.ru

Вестник КазНУ - страница 17

Сортировать: по оценкам | по дате

24.06.18
[1]
переходы:23
Вестник КазНУ - страница 17

^ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ


Халықаралық қатынастар жүйесінде ежелден белгілі ақиқат - заманға сай күштер тепе-теңдігінің ауытқуына қарай, жалпы жаһандық өзгерістердің әсеріне орай, қуатты мемлекеттердің әлсіреуіне сай, елеусіз болған елдердің нығаюы енді күн тәртібіне осы елдер арасындағы саяси кеңістік үшін тартыстарды тартатындығы. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында орын алған елеулі саяси оқиға - Кеңестер одағының ыдырауы Орталық Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бой көтеруіне әкелгені айқын. КСРО-ның саяси алаңнан кетуі көптеген елдер сияқты орталықазиялық елдері үшін де күтпеген саяси оқиға болды. Бұл өз кезегінде елдердің ішкі саяси-экономикалық жағдайының елеулі түрде тұрақсыздануына әкеліп, оларды сыртқысаяси таңдауда күрделі тығырыққа тіреді. Жетпіс жыл қатаң одақтастық жүйесінде өмір кешкен елдер шектеулі көлемде болса да қандай да бір дербес топқа шоғырланбаса әлемнен сырт қалатындай күйге көшті.

Өйткені бұған дейін аймақтағы елдерді өз ықпалында ұстауға ұмтылып келген көршілес мемлекеттердің ішінде негізгі тізгін Ресейдің еншісінде еді, кейін бұл аймақтағы елдер Кеңестер одағының тіпті құрамдас бөлігі болып танылды. Жаңа қалыптасқан саяси жағдайда орын алған осы кеңістікпен тығыз қарым-қатынастарға, ыңғайы келсе өз мүддесіне сай ықпал жасауға ұмтылған мемлекеттер де жеткілікті болғаны анық. Соның негізінде бірқатар мемлекеттердің геосаяси мүдделері Орталық Азия елдерінің аумағында тоғысып жатты. Олардың қатарынан шекаралас жатқан Ресей, Қытай, Иран, Түркия сияқты елдерді көруге болады. Осы аймақты өзінікіндей көретін Ресей тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басқаны қол астында ұстағанды қойып өзі саяси-экономикалық қиыншылықтарды басынан өткеріп жатқан кезі еді. Ал осы сәтте Түркия сияқты әлде қайда орныққан мемлекеттер Орталық Азия елдерімен өзара әрекеттестіктерін қалыптастырып, екіжақты ынтымақтас-тықты дамыта түсті. Түркия елі мен орталықазиялық елдер арасындағы тарихи түптамырлық қатынастың нығаюына басты негіз болды. Осы орайда жалпы аймаққа көптен көрісе алмаған туысындай ұмтылған Түркия қандай мемлекет деген орынды сұрақ туындайды. Орталықазиялық елдер қандай елмен қарым-қатынасқа түсуде? Жауапты Түркияның саяси-экономикалық әл-ауқатына сараптама жасау барысында ғана айқындауға болады.

Түркия - жаңа қарқынмен дами бастаған, заманға сай өнеркәсіпті, сауданы, дәстүрлі ауыл шаруашылығын, қол өнерді қамтыған ел десе болады. Сонымен бірге саяхаттық және көлік тасымалының инфрақұрылымы жеткілікті түрде таралған ел. Қызмет көрсету саласы жалпы ішкі өнім үлесінің 52 пайызын құрайды.

Елде жеке меншік қатынасы, әсіресе сауда саласында, тоқыма өнеркәсібінде, киім-кешек өндірісінде өте жылдам екпінмен даму үстінде болғанымен, мемлекет әлі де өнеркәсіптің негізгі салаларында, банктік жүйеде және көлік пен коммуникацияда да жетекші рөлді атқарып келеді. Дүниежүзілік банктің топтамасы бойынша Түркия орташатөменгі кірістегі елдер қатарында, әлемде ЖІӨ бойынша 27-орында екен. 2002 жылғы мәлімет бойынша жалпы жұмысбастылардың 34 пайызға жуығы (24 млн адам) ауыл-шаруашылығында, 19 пайызы өнеркәсіпте және 47 пайызы қызмет көрсету саласында. ЖІӨ өндірісінің салалық құрылымында басты орында қызмет көрсету саласы 66 пайызды құраса, өнеркәсіп 21 пайыз, ал ауыл шаруашылығы 13 пайыз (2001 ж.) болатын [1]. Қаржы саласындағы әл-ауқатына қатысты Дүниежүзілік валюталық қор 2002-2004 жылдар аралығында Түркияға 16 млрд доллар көлемінде тұрақтандыру несиесін бөледі. Тұрақтандыру бағдарламасының негізгі бағыттары мемлекеттік қаржыға өте икемді және өте жеңіл бақылау құрылымын беру арқылы мемлекеттік шығынды қысқарту еді. Қаржылық тұрақтандыру жолында Түркияның нәтижесі үкіметке түріктік лирді деноминациялауға мүмкіндік тудырды: 2005 жылдың қаңтарынан бастап 1 000 000 есеге азайтылған ақша өлшемі айналымға түсті.
do.gendocs.ru/docs/index-17196.html?page=17




Вестник КазНУ - страница
***

Бапта бұзылған жерді қалпына келтірудің мақсаты мен міндеттері, құқықтық негізі ашылады. «Жер» және «Жер қыртысы» түсінігінің сәйкестігі қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың мазмұны мен ерекшелігін ашатын негіз ретінде зерттелді. Жерді қалпына келтіру жөніндегі құқықтық қарым-қатынастың мазмұны мен ерекшелігі ашылады.

***

The article describes the goals and objectives, the legal framework for reclamation of disturbed lands.
Вестник КазНУ - страница
***

Мақалада отандық және шетелдік авторлардың ғылыми әдебиетіне сараптау берілген, сонымен қатар халықаралық қылмыстық іс-әрекетпен күресудің заңдық актісі берілген. Халықаралық қылмыстық құқықтың құрылуы мен жүзеге асырылуының ортақ мәселесі бойынша негізін қалаушы теориялық концепциялары, материалдық және процессуалдық құрамдастың қатынасы, олардың критериялары мен айырмашылықтары қаралған.


***

In article the analysis of the scientific literature of domestic and foreign authors is given.
Вестник КазНУ - страница
^ Правовое обеспечение безопасности в области приграничного сотрудничества Республики Казахстан и Российской Федерации


Приграничное сотрудничество Казахстана и России развивается параллельно историографии их политико-правовых взаимоотношений. Начало было положено Абулхаир-ханом, принявшим решение о призна­нии российского протектората. В 1731 году Младший жуз и позднее, в 1734 году, Средний жуз приняли подданство России.
****

Косово дағдарысы және оны реттеу үрдісі еуропалық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру тағдырына шешуші әсер етті. Косово дағдарысын реттеу тәжірибесі, кеңестік одақтан кейінгі аумақта шешімін таппаған дағдарыст тұрғысынан Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуінде маңызды.


****

The Kosovo conflict and process of its settlement had deciding influence on destiny of new system of the European safety.

Вестник КазНУ - страница
***

В статье «Правовое регулирование налоговых льгот в качестве исключения двойного налогообложения» проанализирован механизм предоставления и регулирования налоговых льгот как метода предотвращения двойного налогооблажения.


***

In this article analysed the mechanism of granting and regulation of tax privileges, as method of prevention double taxation.


Ш.М.