biologrefs.ru

Баймолда Д. Қазақстанда НАТО

Сортировать: по оценкам | по дате

24.06.18
[1]
переходы:26
Баймолда Д. Қазақстанда НАТО

Kazakhstan today. 11.04.2008.



Л.Т. Исова


^ ОПЫТ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА

С ТУРЦИЕЙ ВО ВНЕШНЕЙ ПОЛИТИКЕ РК


В декабре 2007 года в ходе официального государственного визита новоизбранного президента Республики Турция Абдолла Гюль в Астану Президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев в целях укрепления дружбы и развития культурных связей между двумя государствами поручил правительству установить в Казахстане памятник видному государственному деятелю и первому президенту Турции Мустафе Кемалю Ататюрку. Образование Турецкой Республики напрямую связано с исторической личностью, национальным героем М.К. Ататюрком, но не каждый может понять научно-теоретическое и практическое значение уроков Ататюрка в деле создания новой государственности, республики на обломках разрушенной империи. В сегодняшних постсоветских тюркоязычных республиках важность исторических уроков практики Мустафы Кемаля Ататюрка для становления независимых государств стала очевидной.

"Сверкающая звезда региона" - так охарактеризовал Казахстан президент Турции Абдулла Гюль. Нурсултан Назарбаев подчеркнул, что двустороннее сотрудничество Казахстана и Турции успешно развивается во всех областях - политической, военной, торгово-экономической и культурно-гуманитарной. В свою очередь президент Турции отметил, что динамичное развитие Казахстана создало почву для расширения взаимоотношений двух стран. В ходе переговоров А. Гюль и Н. Назарбаев также высказались за проведение в ближайшие годы Дней культуры Казахстана в Турции и Дней культуры Турции в Казахстане.

Тема взаимодействия Республики Казахстан с Турецкой Республикой также представляет интерес и по причине того, что Турция является «первым светским государством мусульманской культуры, давно провозгласившим свой путь в Европу через модернизацию, основами идеологии которой стали идеи светской, независимой от института религии (ислама), власти» /1/. В данном контексте заслуживают внимания высказывания известного турецкого политолога профессора Э. Конгара: «То, что Турция является исламской страной, увеличивает ее влияние во внешнем мире больше, чем все, чему уделялось внимание ранее. Это обусловлено тем, что Турция - единственная светская и демократическая исламская страна в мире. В этом качестве Турция, с точки зрения перспектив грядущих перемен и развития, получает значение экономической, военной и социальной силы, и, что еще более важно, создает отличную модель для мусульманского мира. Создание Турцией для мусульманских обществ светской и демократической модели является важным событием не только с позиции региональной, но и играет огромную роль для всего мира и истории человечества. Высказывание С. Хантингтона о том, что XXI в. станет свидетелем борьбы между христианской, мусульманской и буддистской цивилизациями, значительно увеличивает значение Турции в мире, как страны, принадлежащей к «мусульманской цивилизации». Турция является лучшим примером того, что «исламская модель» не последовала дорогой, отличной от общемирового направления развития. То, что в дальнейшем смогут существовать светскость и демократия, а изменения будут проходить в указанном направлении, - видно уже по сегодняшним результатам» /2/.

В недавнем прошлом отсталая аграрная страна за короткое время превратилась в современное цивилизованное государство, сочетающее в себе исламские традиции и европейские стандарты, представляющее собой своеобразную модель для мусульманских государств в построении и развитии демократического общества.

Турецкая Республика - давний и стабильный парт­нер Казахстана. Теоретическую базу турецкой внешней по­литики, равно как экономики и доктрины национальной безопасности, составляют принципы, сформулированные Кемалем Ататюрком: обеспечение безопасности, эффективное исполь­зование ресурсов развития и центральная роль в регионе.

Казахстанско-турецкое сотрудничество характеризуется повышенной динамикой развития с первых дней установления дипломатических отношений (2 марта 1992 г.). Не прерывают­ся плодотворные контакты на высшем уровне, в том числе в рамках саммитов тюркоязычных государств.

Токаев К. Дипломатия Республики Казахстан. - Астана: Елорда, 2001.



Қ.Ә. Жүніс


^ ИРАҚ АЙМАҒЫНДАҒЫ АҚШ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚР ҰСТАНЫМЫ


Парсы шығанағы аймағында геостратегиялық жағдайдың өзгеру үрдісі Ирақтың Араб бұғазында орналасқан араб монархиялары елдерімен қарым-қатынасының дағдарысы нәтижесінде басталды. 1990 жылы Ирақ-Кувейт дағдарысы сахнаға шықты. Кейін БҰҰ-ның Саддам Хусейнді оккупацияланған Кувейт аймағынан Ирақ әскерін шығарту үшін бірқатар сәтсіз талпыныстары, АҚШ қарамағында антиирақтық коалиция мен көпұлтты күштердің құрылуы, нәтижесінде, «Шөл дауылы» - АҚШ пен оның одақтастарының Кувейт аймағын босату бойынша іс-қимылдар орын алды.

Еске сала кетуіміз керек, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Таяу және Орта Шығыстағы Вашингтонның стратегиясы мен саясаты әлемнің осы аймағында экономикалық, саяси және әскери-стратегиялық ұстанымдарын кеңейтуге бағытталды.

Сол уақыттан бастап бүгін әлем Ирақ айналасындағы кезекті дағдарыспен бетпе-бет кездесіп отыр. Буш әкімшілігі Ирақта әскери іс-қимылдар бастай отырып, басқаруға алған негізгі мақсаты - өзінің Парсы шығанағы аймағында геосаяси бағыттарын нығайтуы болғаны анық. Оқиғаларды мұхиттың ар жағынан бақылағанмен салыстырғанда, тікелей «мұнай орнынан» бақылау - әлдеқайда ыңғайлы. Тіпті АҚШ-тың Саддам Хусейнді өлім жазасына тартып, тәртіпті сақтау үшін әлі де толықтай әскерін шығармай, биліктегі айтарлықтай ықпалды қолына алған. Бірақ қандай да демократиялық талпыныстарын жүзеге асырғанымен, Ирақ дағдарысының нәтижесі Израиль-Палестина қақтығысы жағдайындағыдай алдын ала болжау сарапшыларды тығырыққа тіреуде.

2001 жылғы 11 қыркүйек айындағы Бүкіләлемдік сауда үйінің алып ғимаратына және Пентагонға бір уақытта жасалған лаңкестік әлемге өз әсерін тигізді. Бұл оқиға әлемдік теке-тірестің шегіне жеткендігін айғақтады. Кейбір сарапшылар бұл құбылысты «үшінші дүниежүзілік соғыс» немесе «симметриялық соғыс» деп те атады. Бұл құбылыстың басты ерекшелігі өте аз күшпен, аз ғана шығынмен, мардымсыз қормен орасан зор шығын келтіруге болатындығы айғақталды.

АҚШ әлемдік басшылық саясатын біртіндеп іске асырып жатса да әлемдік терроризм үрдістері толастар емес. Өкініштісі бүгінгі күні терроризмді әлемдік қауымдастық ислам дүниесімен тікелей байланыстырып отыр. Шындыққа жүгінсек, «Аль-Каида», ауғандық «Талибан», палестиналық «Хамас», араб елдеріндегі «исламдық жиһад», т.б. ұйымдар террористік актілердің көпшілігін өз мойындарына алып отырғандарын білеміз.

ХХІ ғасыр басында терроризмге қарсы күрес ұранын бетке ұстаған АҚШ-тың «жаңа отарлау саясаты» басталды. Алдымен 2002 жылы Ауғанстандағы талибан билігіне қарсы іс-әрекеттер. 2003 жылы антихалықтық режим деген сылтаумен Ирақтағы Саддам Хусейн режимі құлатылды. Әрине, Саддам режимін де ешбір ақтауға келмейді. 1980-1988 жылдары Саддам Хусейн басқарған үкімет Иранмен соғысты. 1991-1992 жылдары мұнайға бай Кувейтке басып кірді. Сондықтан АҚШ кейінгі 15 жыл бойы Ирақты «зұлымдық белдеу» елдері қатарына жатқызып келген болатын. Америка идеологиясы Саддам Хусейнді үнемі Адольф Гитлермен салыстырып келді. Саддамды саяси сахнадан шығармасақ оның елі бүкіл әлемдегі бейбітшілікке қауіп төндіреді, АҚШ әлемнің тыныштығын бұзушы - Ирақ деп өркениетті қауымдастықты көндірді.

Ирақ Республикасына АҚШ алдымен экономикалық қысым көрсетіп бағындыруға ұмтылды. Себебі, Ирақтағы аса мол мұнай қорына америкалық трансұлттық корпорациялардың билігін жүргізу қажет еді. Сарапшылар әлемдегі мұнай қорларының 10 пайызы Ирақ жерінде шоғырланған деп баға беруде. Ирақ мұнай қорлары көлемінен әлемде екінші орында. Ирақ мұнайын өндіру арзан және оның сапасы өте жоғары. Ирақ мұнайының 1 бареллінің өзіндік құны 2,5 АҚШ долларын құрайды [1].

АҚШ-тың Ираққа қарсы жаугершілігін қатардағы америкалықтардың басым көпшілігінің қолдауының себебі осында. АҚШ-тың бүкіл саяси-идеологиялық жүйесі, Ирақ басшылығы әлем халықтарының бейбітшілігіне қауіп төндіруде. Осы арқылы Ирақ режимі Америка халқының ұлттық мүдделеріне де қауіп төндіруде деп жариялады. Американ халқы мен әлем жұртшылығы АҚШ-тың Ираққа шабуылына баға беруде бір бағытта болған жоқ.

Жүніс Қ. Ә. Мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымы (МЭШЕҰ) және араб елдерінің мұнай саясаты. - Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2006


БҰҰ - соғыс және бейбітшілік мәселелеріне тиімділік ықпал ете алатын бірден-бір халықаралық орган//Егемен Қазақстан. 2007 ж. 26 қыркүйек.



Ж.А. Атымтаева


^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТТА ДЕН

ҚОЯТЫН БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ


Cыртқы саясаттың жасалуы және жүзгізілуі ешқашан ішкі саясаттан бөлек жүзеге асырылмайды. Мемлекеттердің халықаралық майданда ортаға қойған саясаты негізінде ол мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мақсаттары, экономикалық жағдайларының әлеуметтік деңгейі және ішкі саясаттағы болып жатқандардың бір жиынтығы болып алдымызға шығады. Әртүрлі ықпалдардың жиынтығы ретіндегі осы саясаттар халықаралық конъюнктураға сәйкестігі мөлшерінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты.

Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.

Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы саяси күштердің орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің кеңістікте орналасуының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың құралын көреді [1].

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзінің экономикалық әлеуметін, өзінің геосаяси жағдайын барабар бағалай білу айрықша маңызды болды. Осы істегі қателік Қазақстанның сыртқы саяси бағытына ықпал етуі мүмкін еді.

Осы заманғы технологияны игеруді және пайдалануды мұрат тұтқан «азиялық жолбарыстар» орта және жоғарғы деңгейдегі күрделі өнімдерді өндіруде жетекші индустриалды державалардың бәсекелестеріне айналды.

Кейбір елдердің (мәселен Жапония) немесе түрлі ұйымдардың (мәселен Еуропалық Одақ) экономикалық қуаты мен олардың саяси ықпалы арасындағы сәйкессіздік уақыт озған сайын елеулі бола түсті. Олардың осы сәйкессіздікті өзгертуге, халықаралық қауіпсіздік жүйесінде өз рөлін күшейтуге, сөйтіп БҰҰ құрылымдарында лайықты орын алуға ұмтылуы табиғи құбылысқа айналуда.

Қаржылық құйылыстардың ұлғаюы, тауарлар мен қызмет көрсетудің ауқымы мен орын ауыстыруының шапшаңдығы ретінде түсіндірілетін ғаламдану - мемлекеттік институттар алдына осы үрдістерден мейлінше пайда табу және екінші жағынан олар ұлттық экономикаға әкелуі мүмкін қауіп-қатерге қарсы тиімді тікелей жария шараларды қабылдау міндетін қойды.

Осы міндетті шешу қажеттілігі халықаралық, ең әуелі аймақтық деңгейдегі экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жаңа, қуатты дем берушісі болды. Ғаламдану халықаралық экономикалық және қаржылық құрылымдардың (ХВҚ, Дүниежүзілік банк және басқалары) экономикалық дағдарыстарды болдырмау жөніндегі өзінің функцияларын орындауға қабілеттілігі туралы мәселе көтерді. Дағдарысты жағдайларға талдау жасаған кезде олардың ұлттық және аймақтық ерекшелікті ескеру қабілеттілігіне күмән туындай бастады.

Жалпыға бірдей тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіретін аймақтық жанжалдар адамзаттың негізгі мәселесіне айналды. Кейбір саясаткерлердің пікірі бойынша барлық құрлықтарда дерлік көрініс берген аймақтық соғыстарды жиынтық түрде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы деп қарастыруға болады. Бұл орайда қазіргі жанжалдардың түп тамырында көп жағдайда қандай да бір идеологиялық белгілер жоқ, олардың қозғаушы күші негізінен этникалық, діни және басқа да қарама-қайшылықтар болып табылады.

Географиялық орналасу ерекшелігі Қазақстанға белгілі бір геосаяси артықшылықтар береді, сонымен бірге геоэкономика көзқарасы тұрғысынан елеулі қиындықтар туғызуда [2].
do.gendocs.ru/docs/index-17196.html?page=18