biologrefs.ru

Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы: қазіргі жағдай мәселесі. Жоспар

Сортировать: по оценкам | по дате

24.06.18
[1]
переходы:16
Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы: қазіргі жағдай мәселесі. Жоспар
^ Көкпар ойынының бағдарламасы
Таныстыру, Төс белгісін қорғау, Жантану ғылымы дегеніміз не? Рефлекс дегеніміз не? Ойлау мен сөйлеу, халқымыз туыстық қатынасқа қалайша мән берген? Есіктен ақсақалшды қария келсе, сен қалай қарсы алар едің? Көптен көрмеген құрбың кездесті. Қандай сәлемнің рәсімін жасар едің? Оқушыларға Абай, Мұқағали әндерін орындап, арлаулы бұрыш әзірлеу мен қонақжайлылық көрсету сұралады.

Сайыс жеңімпаздарын, жүлделі орын алғандарымен құттыұтап, озат шыққан шәкірттердің атына мадақ айтьамын.


Қазақ күнделікті тұрмыс-тіршілік пен қарым-қатынастың барысында-ақ жастарды әдептілікке, инабаттылыққа, сыпайылылыққа, мейірбандылыққа, ізеттілікке және басқа да толып жатқан өнегелілік қасиеттерге баулыған. Халқымыз өте жоғары бағалаған өнегелілік қасиеттердің бірі - кішіпейілділік. Кішіпейіл кісіні барлық жерде сыйлаған,дәріптеген, қасиеттеген, үлгі-өнеге тұтқан. «Кішіпейілділік - кісілік емес кісілік, кішіпейілділік - кісілік көркі», «Ұлық болсаң, кішік бол» т.б. осы сияқты нақылдар халқымыздың кішіпейілділікті қаншалықты қастерлегендігін байқатады. Тәрбиелі адам - тағалаған аттай, ол өмірінің небір тайғақ қиялдарынан қиналмай өтеді.


Қорытынды. Халқымыздың ұлттық қадір-қасиетінің кереметтілігі, оның жастарды әептілікке, бауырмалдыұұа, қонақжайлылыққа, қайырымдылыкка тәрбиелейтіндігінде. Еліміздің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойымызға сіңіре отырып, тұрмыстық-әлеуметтік мәдени дәстүрлерін жалғастырушы мына отырған жасөспірім, жастар сендерсіңдер. Ата-бабамыздың салған сара жолынан таймай,ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне өз үлестеріңді естен шығармай, оқуда, еңбекте, табыстан табысқа жете беріңдер.


топ «Ақбосаға» жанұясы.

Сайыс сабағымызды бастамас бұрын әділқвазылар алқасын сайлап алайық..

1.Мектеп директоры: Садықова А.Г.

2.Тәрбие ісінің меңгерушісі: Иманбаева Ж.Б.

3.Ата-аналар комитетінің төрайымы: Құрмашева Қ.П.

4.Аға оқытушы: Жиенбекова А.А.

Ал енді сайысымызды әрі қарай жалғастырайық.


Егеменді ел болып қалыптастық,

Өркениетке аяқты анық бастық.

Келешекте енді мін болмайды,

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып танытпастық.

Бастаушы.

Кері кету есігін біз ашпайық,

Шаңыраққа ұранды біз тастайық.

Ең бірінші кезегіміз - беташар,

Ал, кәнекей «Шаңырақ» сынын бастайық.

«Беташар» әні орындалады.


1. Таныстыру.

Яғни екі топ өздерінің жанұя құрамымен таныстырады.


Ақбосаға.



2 шарт. «Балаларын еркелету». Төрт түлік малға, құстарға байланысты.

(Сыныпта «Балдәурен» ансамблін, құрдық. Әр сайыстың арасында көрініс бағдарлама көрсетіп отырдық)

«Балдәурен» ансамблінің орындауындағы «Қызыл жалау» әні.

3 шарт. Панорамалық сәттер (тәрбиеге байланысты тосын сұрақ). «Ару ана» әні.

4 шарт. Бастаушы.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең мендей сүй!


Халық әндерін кім көп біледі?(Екі жанұя халық әндерін орындап кезек-кезек сайысқа түседі). Халық әндерін «Парасат» тобы бастайды, «Ақбосаға» тобы сол әнді аяқтайды

«Еламан» әні.

5 шарт. Әлеуметтік педагог.

Асқар таудың шыңдарына өрлер кім,

Аттанайық қиясына белдердің.

Ал,енді, кезек келді әкелерге,

Сайысын көрейік біз ерлердің.

--- Ал, қанекей, «әкелер» сайысы (тұлпардың сынын сипаттау).


Таудың көркі - тасы мен бұлағы, аттың көркі - құйрық-жалы, құлағы.

Музыкалық бағдарлама.

6 шарт.

«Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер».

«Ананың - қызына, әкенің - ұлына тәрбиесі»

7 шарт

Шаңырақтарға жеңістерді әпердім,

Сонда да көп шарттарды әкелдім.

Кезек келді енді сайыс кезегі,

Сөз өнері - мақал менен мәтелдің.

Мақал-мәтел сайысы (ата-аналар - тәрбие туралы, балалары - оқу-білім туралы).

Музыкалық бағдарлама: «Біз өмірдің гүліміз» әні.

8 шарт «Өнер сайысы».

Бастаушы.


Жарайсыңдар, барлығың да өренім,

Асып бір төселсінші кемелің.

Риза болып, біздер қане көрелік,

Тамашалап «Шаңырақтың» өнерін.

Музыкалық бағдарлама: «Лағым менің».

9 шарт.

Ән-жырға, өлеңдерге төселермін,

Ақ жаулықты апаларға есе бердім.

Оу, халайық, көрейік біз ендеше,

Өнеге берер сайысын шщешелердің.

«Шебердің саусағы алтын» (сырмақ ою).

Музыкалық бағдарлама: М.Мақатаев «Шеше, сен бақыттысың» өлеңі.

10 шарт.

Дастарқан-ау, дастарқан,

Берекелі дастарқан,

Мерекелі дастарқан.

Әр жанұя өзінің мерекелік «Дастарқан мәзірімен» таныстыру. Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша, «балдәурен» ансамблі музыкалық бағдарлама ұсынды.

Төле би ауданы

Қайнар орта мектебі.


Қосымша мәлімет


Адамзат тарихында құндылықтар қалыптасуының негізі ерте заманнан-ақ ойшылдар ғұламалардың назарында болды.Олардың тәрбиелік негіздері атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ізгі қасиеттер мен сезім ниеттерден тұратындығы туралды көптеген шығармалар өмірге келді. Мәселен, Әл Фараби өз заманында «Адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан өзіне керегін қоғамдасқан тортадан ғана таба алады. Жеке жан иесі адамдар бірлестігінің арқасында жетіліп, өз қабілетін шыңдай түседі. Осыдан келіп олардың өмірге деген қызығушылығы қалыптасады» деген болатын. Сондықтан құндылықтар адам баласының алдына қойған тмақсаттарына жету жолындағы негізгі фактор. Соның ішінде өнегелілік-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуының түп негізі мен қозғаушы күшінің себебін анықтау - бүгінгі мектеп тәрбиесінің өзекті мәселесі. Олай болса, бүгінгі мектептердегі жүргізілетін тәрбиенің негізгі мақсаты да мектептегі оқушылдардың жас ерекшеліктеріне қарай құндылықтар маңызын санасына сіңіріп, осыған байланысты тәрбие түрлерін анықтау.

Өнегелілік-адамгершілік құндылықтар белгілі бір мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен өнегелілік дағдыны қалыптастыратын жүйе. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізгі ізгілікті, ақылды, адамгершілік, парасаттылықтың міндеттерін ажырата біліп өзіне таңдау жасауы. Яғни өнегелілік-адамгершілік құндылық- адамдық қасиетінің өлшемі - оның жақсылыққа талпынуы, өзге адамға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымы, өмір сүруге ұмтылысы, өмір сүру мәселелері жайында іздену, өзін-өзі танып, сол арқылы дүниеғні, әлемді тануы.

Қазіргі кездегі тәрбиенің ерекшелігі - адамшылық, азаматтық қасиеттің сынға түсуі, еліміздегі әлеуметтік болмысымыздың жаңаруына әкелу. Мұны жасайтын - Адам. Сондықтан мектеп тәрбиесі - болашақ адам тұлғасын қалыптастыратын орта. Оның негізгі өзегі өнегелілік қасиет болуы - өмір талабы.


Әлеуметтік педагогтың өнегелі мәдениеті.


Әрине, әрбір адам мейірбандық, адамгершілік қылық көрсете отырып, өзінің өнегелі қарым-қатынас әлемін, тани бермеуі мүмкін. Кейбір адамдардың санасында өз бақытын басқалардың мүддесімен ұштастыру деген бола бермейді. Кейде мұның бұлай болатын себептері, адам өзі жайлы, өзінің қуаныш-реніші жайлы терең ойланбайды, өз қуанышын басқаларға істеген жақсылығымен салыстырмайды. Бұған өнегелі енжарлығы кедергі жасауы мүмкін.

Айталық, музыканы есту қабілеті жоқ, оның үстіне музыкалық білімі де жоқ адам концертке келіп, күрделі симфониялық музыканы тыңдады делік. Тіпті ол сыпайылық ретінде музыкаға көңілш бөлгенімен, басқалар музыка әлеміне шомып, эстетикалық ләззат алып отырғанымен, бұған оның ешқандай қызығы болмайды.


1.Сынып оқушыларының жанұяларымен танысу,

2. Әрбір баланы тәрбиелеудің нақты міндеттерін сақтау

do.gendocs.ru/docs/index-114228.html?page=6